Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитіне қатысу үшін Санкт-Петерборға келді

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитіне қатысу үшін Санкт-Петерборға келді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылғы «Жиырмалық тобы» саммитіне қатысу үшін Санкт-Петерборға келді.

116 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылғы «Жиырмалық тобы» саммитіне қатысу үшін Санкт-Петерборға келді.

Бүгін Константин сарайында әлемнің ең ірі экономикаларының көшбасшылары алғашқы отырыс өткізеді, оның тақырыбы - «Экономикалық өсім және жаһандық экономика».

Қазақстан Санкт-Петербордағы G20 саммитіне ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) өкілі ретінде шақырылды. «Үлкен жиырмалық» саммитіне 20 елдің басшылары, сондай-ақ арнайы шақырылған 6 мемлекеттің және экономика саласындағы ең ірі 8 әлемдік ұйымның жетекшілері қатысады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан «Жиырмалық тобы» тұғырнамасын жаһандық деңгейдегі өз күнтәртібін жылжыту, сыртқы саяси және халықаралық беделін нығайту үшін пайдаланатын болады. Алдыңғы қатарлы бағыттар арасында орнықты энергетиканы дамыту, соның ішінде «Жасыл экономика» Стратегиясы, «Жасыл көпір» бастамалары және «EXPO-2017» тұжырымдамалары бар. Бұдан бөлек, «жиырмалық» көшбасшыларының назарына жұмыссыздықты қысқарту, сапалы жұмыс орындары мен лайықты еңбек нарығын құру бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Қазақстан G-20 елдерінің барлық бағыттар бойынша бастамалары мен кеңестерін толығымен қолдайды.

Ресейлік тарап әлемдік экономиканың өсімін ынталандыру мен жаңа жұмыс орындарын құруға қатысты шешімдерді қабылдауға бағытталған жемісті пікірталастар өткізуге уәде беріп отыр. Ресми күн тәртібінде жоқ тақырыптардың ішінде сириялық шиеленісті одан әрі тұрақтандыру шаралары саммиттің басты мәселесіне айналады деп күтілуде. Саммит қорытындысы бойынша декларацияға қол қою жоспарлануда.

«Жиырмалық тобындағы» Ресейдің төрағалығы 2012 жылдың 1 желтоқсанында басталды, саммит-2013 жүргізіліп жатқан жұмыстың басты қорытындысы болып табылады.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!