Ресей журналисі Қазақстанды мазақ етті

Фотография - Ресей журналисі Қазақстанды мазақ етті

Ресейлік "Спорт-Экспресс" баспасының журналисті Дмитрий Гирин өзінің "Капелло және "ергежейлілер" атты мақаласында Қазақстан футбол құрамасын сөз еткен

155 0

Ресейлік "Спорт-Экспресс" баспасының журналисті Дмитрий Гирин өзінің "Капелло және "ергежейлілер" атты мақаласында Қазақстан футбол құрамасын сөз еткен.

Бұл материал Ресей құрамасының Люксембургке қарсы өтетін матчына арналып жазылды. "Бірнеше ұлттық құрамалардың бас бапкері болған Фабио Капелло,төрт рет футбол "ергежейлілерімен" кездесіп, сағын сындырды. Атап айтқанда, 2010-жылғы әлем чемпионатына іріктеу сыны кезінде Капелло жаттықтырған Англия құрамасының жеребесі Андорра мен Қазақстанға түсті",-деп жазды журналист. Капелло қазір Ресей құрамасын жаттықтырады. Гирин, Капеллоның жаттықтыруында болған Англия құрамасы қазақстандық команданың екі рет 5:1 және 4:0 етіп ұтқанын еске салды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 6-қыркүйекте 2014-жылғы жаһан біріншілігіне іріктеу циклі аясында Фарер аралдарының құрамасымен кездеседі. Соңғы аталған ұжым да "ергежейлі" атағына ие. Букмекерлер бұл матчта Мирослав Беранек шәкірттері жеңеді деп отыр - деп хабарлады  baq.kz/


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!