ҚР Бас прокуратурасы кәсіпкерлерді қорғау бағытында тексерулерді қадағалаудың жаңа жүйесін әзірледі

Фотография - ҚР Бас прокуратурасы кәсіпкерлерді қорғау бағытында тексерулерді қадағалаудың жаңа жүйесін әзірледі

Кәсіпкерлер арасында «Бизнес тірегі» жобасы кеңінен танымал болды

217 0

Кәсіпкерлер арасында «Бизнес тірегі» жобасы кеңінен танымал болды. Бұл туралы бүгін Астанада кәсіпкерлерді қорғау мәселесіне арналған «дөңгелек үстелде» ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитеттің төрайымы Сәуле Айтпаева мәлім етті.

Оның айтуынша, «Бизнес тірегі» жүйесі арқылы мемлекеттік органдардың жүргізген және жоспарлаған барлық тексерулерін анықтауға болады, сондай-ақ қажет болған жағдайда негізсіз тексеруге шағымдану мүмкіндігі бар - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Бұл мүмкіндікті 19 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланып, оның 800-ге жуығы заң бұзушылықтар жөнінде хабарлады», - деді комитет төрайымы.

Оның айтуынша, жүргізілетін тексерулердің бұдан ары қарай ашықтығын қамтамасыз ету аясында Бас прокуратура электрондық тіркеу бойынша тексеруді есептеу мен қадағалаудың және тексерулерді жоспарлаудың жаңа жүйесін әзірленді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!