Еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауады

Фотография - Еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауады

 деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі

130 0

Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады. Тек республиканың батысы мен шығысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады және жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

«Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман түседі. Алматы облысында күндіз күн қатты ысиды», - делінген ақпаратта.

Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, орталығы және батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтарының таулы өзендерінде су көлемі теңселеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!