Бүгін Павлодар облысына Серік Ахметов барады

Фотография - Бүгін Павлодар облысына  Серік Ахметов барады

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов барады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі

242 0

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов барады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Павлодарда Үкімет басшысы бұрынғы химиялық зауыттың негізінде салынған «Каустик» АҚ-да болады. Мұнда мұнда мембрандық әдіспен хлор мен каустикалық сода шығарылады. Жобаның құны - 16,2 млрд. теңге. Оған қажетті шикізат облыс аумағындағы тұзды көлдерден алынады.

Павлодардан С. Ахметов Бозшакөл полиметалл кен орнына ат басын бұрады. Онда тау-кен байыту комбинатының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Үкімет басшысының жұмыс сапарының жоспары барысында көмір тасу үшін жартылай вагон жасап шығарушы Екібастұз «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы» ЖШС-не барып, оның даму келешегімен танысады.

Содан кейін, С. Ахметов инновациялық жобаны жүзеге асырып жатқан бұру бағыттамалары мен темір жол дөңгелектерін өңдейтін зауыт «Проммашкомплект» ЖШС-не барады деп күтіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!