Дүниежүзі қазақтарының келесі құрылтайы 2014 жылы ШҚО-да өтеді

Фотография - Дүниежүзі қазақтарының келесі құрылтайы 2014 жылы ШҚО-да өтеді

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

205 0

 Дүниежүзі қазақтарының келесі құрылтайы 2014 жылы ШҚО-да өтеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

«Жақында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев осындай ұсыныс жасады. Біз оны қабылдадық. Құрылтай келесі жылы біздің облыста өтеді», - деді Сапарбаев.

Мұнымен қатар облыс әкімі ұлттық тарихты реформалау бағытында жасалып жатқан жұмысқа қатысты пікірін де білдірді.

«Бүгінде елімізде ұлттық тарихты реформалау бағытында жасалып жатқан жұмыс өте дұрыс. Тарихты білуіміз керек. Қазақтың мыңжылдық тарихын бүкіл дүниежүзі білуі керек», - деп атап өтті ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!