Үкімет басшысының бірінші орынбасары Б. Сағынтаев АҚШ-тың Елшісімен кездесті

Фотография - Үкімет басшысының бірінші орынбасары Б. Сағынтаев АҚШ-тың Елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Кеннет Фэйрфакспен кездесті

193 0

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Кеннет Фэйрфакспен кездесті. Тараптар Қазақстанның өңірлік саясатын дамытуға, еліміздегі шағын және орта бизнестің позицияларын одан әрі нығайтуға және құрылыс саласында бірлескен кәсіпорындарды құруға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда шағын және орта бизнес қызметінің шарттарын жақсартудағы, микроқаржы ұйымдарын қолдаудағы Халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД) көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Екі жақтық ынтымақтастық шеңберінде 2006-2012 жылдары АҚШ және Қазақстан Республикасы үкіметтерінің арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Америка бағдарламасы (ЭДБ) іске асырылған болатын. Ол бағдарлама экономиканы нығайтуға және әртараптандыруға, сондай-ақ отандық шағын және орта бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге маңызды үлес қосты.

Өз кезегінде, елші Кеннет Фейрфакс қазақстандық жаққа бірқатар бағыттағы мәселелер бойынша жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, еліміздің үкіметімен оның Халықаралық энергетикалық агенттіктің орындаушы директорының орынбасары қызметіндегі жаңа лауазымы шеңберінде одан әрі өзара түсіністік орнайтынына үмітті екенін білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!