Әкімдер жұма сайын БАҚ өкілдеріне есеп беретін болды

Фотография - Әкімдер жұма сайын БАҚ өкілдеріне есеп беретін болды

Бүгіннен бастап Елбасымыздың арнайы тапсырмасына орай, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс және Астана мен Алматы қаласының әкімдері БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп тұратын болады

256 0

Бүгіннен бастап Елбасымыздың арнайы тапсырмасына орай, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыс және Астана мен Алматы қаласының әкімдері БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп тұратын болады. Бұл жөнінде Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz .

- Мұнда көздеген басты мақсатымыз, билік пен бұқараның арақатынасын барынша жақындатып, тереңдете түсу. Аймақтарда әкімдердің жасап жатқан жұмыстарын егжей-тегжейлі талдап, талқылап, кемшін тұстары болса ескертіп, қоғам арасында қордаланған мәселелер түйінінің тарқатылуына сеп болу. Тап осы күннен бастау алатын бұл шара ағымдағы жылдың 27 желтоқсанына дейін жалғасады деп жоспарлаудамыз. Бұл аралықта осы алаңға 16 әкім есеп беріп үлгермек. Жалпы, орташа алғанда әрбір облыс басшысы мұнда төрт айда бір рет келеді деп күтілуде, - деді ол.

Ал тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараның шымылдығын алғашқылардың бірі болып Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, өзі жетекшілік ететін өңірдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайды бүге-шігесіне дейін баяндап, журналистердің барлық сауалдарына нақты жауаптарын берді.

- Ал жұма сайын ұйымдастырылатын бирфингтің кезекті қонағы ретінде Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхамбетов келеді деп күтілуде, - деп мәлімдеді ресми өкіл Алтай Әбибуллаев жиын соңында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!