Қ. Мәми Иран Парламентінің төрағасымен кездесті

Фотография - Қ. Мәми Иран Парламентінің төрағасымен кездесті

Ашхабат сапарының аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Иран Ислам Республикасы Парламентінің Төрағасы Али Лариджанимен кездесті

240 0

Ашхабат сапарының аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Иран Ислам Республикасы Парламентінің Төрағасы Али Лариджанимен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.

А. Лариджани да Түркіменстанда сапарда жүрген болатын.

Иран Парламентінің басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы тамыз айындағы Тегеранға сапарына және оның Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Роуханидің инагурациясына қатысуына жоғары мән берді. Иран Қазақстанмен өзара тиімді әріптестік тұрғысында ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттеніп отыр. Қазіргі кезде тараптар «Солтүстік-Оңтүстік» теміржол дәлізін (Қазақстан-Түркіменстан-Иран) жедел іске қосуға ерекше назар аударып отыр.

Кездесуде одан басқа жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, атап айтқанда, Сирия мен Ауғанстандағы жағдайлар талқыланды. Жүздесушілер сонымен қатар иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі көпжақты келіссөздердің келешегі туралы пікір алмасты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!