Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хені Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хені Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Бүгін «Жиырмалық тобы» алаңында екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі аспектілерін талқылады

175 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хені Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Бүгін «Жиырмалық тобы» алаңында екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі аспектілерін талқылады.

Қазақстан Президенті біздің мемлекетіміз Корея Республикасымен дәстүрлі тығыз ынтымақтастықты жүзеге асыратынын және оны одан әрі дамытуды мақсат етіп отырғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Пак Кын Хені Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтап, осынау жауапты, ауыр жұмыста табыстар тіледі.

«Бүгін елдеріміз арасында сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда қарқынды өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Бұрынғы Президент Ли Мен Бакпен бірге белсенді жұмыстар жүзеге асырылды. Корея компаниялары біздің елімізде жылу электр стансасының құрылысына қатысуда. Машина жасау мен мұнай-химия салаларында бірқатар жобалар іске асуда. Сонымен қатар, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия белсене қызмет етуде, соның нәтижесінде инвестициялық портфель 8 млрд. дерлік долларды құрады. Сондай-ақ, тегі корейлік 120 мың Қазақстан азаматы елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жақсы дәнекер болып табылады», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті екі елдің жемісті ынтамақтастығы әрі қарай да жалғаса беретіне сенім білдіріп, Корея Президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде Пак Кын Хе шақыру үшін алғысын айтып, ыңғайы келгенде республикамызға сөзсіз келетінін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!