Елімізде Танкистер күні мерекесі аталып өтеді

Фотография - Елімізде Танкистер күні мерекесі аталып өтеді

Қыркүйектің екінші жексенбісінде кәсіби әскерилер мен танк жасаушылардың - Танкистер күні мерекесі аталып өтеді. Осы күні республикамыздағы барлық танк бөлімшелерінде мерекелік шаралар жүзеге асырылады

212 0

Қыркүйектің екінші жексенбісінде кәсіби әскерилер мен танк жасаушылардың - Танкистер күні мерекесі аталып өтеді. Осы күні республикамыздағы барлық танк бөлімшелерінде мерекелік шаралар жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жуырда Ресей Федерациясының Алабино поселкесіндегі «Танк биатлоны» халықаралық жарысында 10810 әскери бөлімінің танк экипажының негізгі құрамы: танк командирі - аға лейтенант Жанат Қуанышев, нысана көздеуші - аға сержант Айдын Қалиолдин, жүргізуші-механик - ефрейтор Марат Түсіпов және танк командирінің көмекшісі - сержант Мирас Нурко екінші орынды иемденіп жеңіспен оралды. Бұл табыс әскери қызметшілерімздің кәсібилігінің артқандығын және Құрлық әскерлерінде жауынгерлік дайындықтың жүйелі жүргізіліп отырғандығын көрсетеді.

Құрлық әскерлерінің ең үздік танкистерінің құрметіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасында жеңімпаздарды ұлықтау рәсімі өткізілді. Танкист-жауынгерлердің жоғары жетістіктері мен шеберліктерін жоғары бағалаған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы әскери қызметшілерді құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Бұл атаулы күнді «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы да назардан тыс қалдырмайды. Компания басшылығы Қарулы Күштердің бронды техникасы мен танкілерін жетілдіріп, жөндеу жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып жүрген жұмысшыларды тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс ісіне қосқан үлестері үшін ұлықтап, құрмет көрсетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!