Қазақстан қытайлық Ляньюньган портында терминал салады

Фотография - Қазақстан қытайлық Ляньюньган портында терминал салады

Қытай Ляньюньган портында қазақстандық терминалды салғызуға өз келісімін берді. Бұл туралы бүгін Назарбаев университетінде өткен Қытай Халық Республикасының Төрағасының Си Цзиньпиннің дәрісі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

153 0

Қытай Ляньюньган портында қазақстандық терминалды салғызуға өз келісімін берді. Бұл туралы бүгін Назарбаев университетінде өткен Қытай Халық Республикасының Төрағасының Си Цзиньпиннің дәрісі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Сіз Ляньюньган портында терминалдың құрылысына қажетті аумақты бөлу жөніндегі менің ұсынысымды қабыл алдыңыз. Осылайша Қазақстан ҚХР-дің көмегімен Тынық мұхит аймағына жол ашты», - деді Н. Назарбаев ҚХР төрағасына қаратып айтқан сөзінде.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстан мен ҚХР Шанхай ұйымы аясында ортақ ынтымақтастыққа қол жеткізгендігін атап көрсетті. «Қазақстан ҚХР мемлекетін тату көрші ретінде және стратегиялық әріптестік келісіміне қол қойған серіктес ретінде көреді», - деп атап көрсетті Н. Назарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!