Н.Нығматулин Си Цзиньпинмен кездесті

Фотография - Н.Нығматулин Си Цзиньпинмен кездесті

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел қарым-қатынасының маңызды мәселелерін талқылады

199 0

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі ел қарым-қатынасының маңызды мәселелерін талқылады

Бұл мәртебелі мейманның біздің елімізге алғашқы мемлекеттік сапары.

Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай елі басшысының сындарлы саясатының арқасында екі ел халқының игілігі жолында жоғары деңгейдегі мемлекетаралық қарым-қатынас орнап, тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Қытайдың – ШЫҰ, АӨСШК, БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы байланысы да назардан тыс қалмады.

Мәжіліс Төрағасы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сапары барысында жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту туралы бірлескен Декларация қос мемлекет ынтымақтастығының тамырын тереңдетініне сенім білдірді.

КХР Төрағасы екі елдің түрлі саладағы өзара қатынасына жоғары баға бере келіп:

-Қазіргі таңда біздің қатынасымыз бұрынғыдан да қарқынды дамып келеді,-деді.

Сонымен бірге, Си Цзиньпин өзінің біздің елімізге сапары Қазақстан Президентінің арқасында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде біздің елдеріміздің арасында орнаған стратегиялық, достық және тату көршілік қатынастың нақты көрсеткіші екенін баса атап өтті.

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы мен Қытай басшысы парламентаралық байланыстың маңыздылығына да ерекше көңіл бөлді.

Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінде халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысымен ынтымақтастық жөнінде топтың бар екенін алға тарта келіп, - біз үшін үдемелі экономикалық өсім, инновация, жемқорлықпен күрес басқа да салаларды заңнамалық қамтамасыз ету жағынан қытайлық әріптестеріміздің тәжірибесі маңызды,-деді,

Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы ҚХР Төрағасының Қазақстанға сапары стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтып, екі ел қарым-қатынасының, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықтың нығаюына тың серпін беретінін атап айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!