Шетелде тұратын қандастарымыз Ақтөбеде бас қосты

Фотография - Шетелде тұратын қандастарымыз Ақтөбеде бас қосты

Мұнда II халықаралық «Ұлы мұра» байқауы өтті. Бұған 9 елден өнер делегациясы келді. Франция, Германия, Қытай, Моңғолия және Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері өнерлерін  ортаға салды

292 0

Шетелде тұрып жатқан қандастарымыз Ақтөбеде бас қосты, деп хабарлады 24.kz

Мұнда II халықаралық «Ұлы мұра» байқауы өтті. Бұған 9 елден өнер делегациясы келді. Франция, Германия, Қытай, Моңғолия және Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері өнерлерін  ортаға салды. Ән мен биден шашу шашып, қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Екі күнге созылған шара соңында шетелдегі қазақтардың мәдени мұрасын сақтап, оны дамытуға үлес қосып  жүрген жандар марапатталды. Үздік өнер көрсеткендерге «Нұр Отан» ХДП қалалық  филиалы  алғыс хат табыс етті. Фестиваль Ақтөбе қаласында  былтыр да өткен болатын. Қазанғап атындағы  балалар өнер мектебінің мұрындық болуымен биыл да ұйымдастырылып отыр. Жергілікті тұрғындар шетелдегі қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрмені тамашалады.

"Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы әлемнің 33 елінде өзінің мәдени орталығымен қарым-қатынас  жасайды, сонымен қатар республиканың 8 олбысы мен 2 қаласында бөлімшесі бар. Байқауға қазақ диаспорасы көп тұратын  Қытай,  Моңғолия, Ресей,  Өзбекстан, Қырғызстан, Еуропа елдерінен келіп қатысып отыр, - деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бөлім меңгерушісі Ботакөз Уатқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!