Н.Назарбаев Бішкекте өтетін ШЫҰ-ның 13-ші отырысына қатысады

Фотография - Н.Назарбаев Бішкекте өтетін ШЫҰ-ның 13-ші отырысына қатысады

 Бұл жөнінде бүгін дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

158 0

13 қыркүйекте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің он үшінші отырысына қатысады. Бұл жөнінде бүгін дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Қазақстан өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында нығайтуға аса мән беруде. ШЫҰ арасындағы ынтымақтастық мәселесі өткен аптада Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аясында талқыланған болатын», - деді Алтай Әбибуллаев.

Ол 13 қыркүйекте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бішкекте өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің он үшінші отырысына қатысатынын атап өтті.

«Басқосуда ұйым дамуының болашағы, мүше-мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланады», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!