Мемлекет басшысы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдайды

Фотография - Мемлекет басшысы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдайды

Ағымдағы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті

228 0

Ағымдағы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 11-12 қыркүйекте Қазақстан тарапының шақыруымен елімізге ресми сапармен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келеді. Осы орайда оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды деп күтілуде. Сонымен қатар С. Лавров пен ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдыросовтың екіжақты кездесуі барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ халықаралық күнтәртібіндегі аса өзекті мәселелер талқыланады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!