Сенат отырыстарын онлайн түрінде трансляциялау көзделуде

Фотография - Сенат отырыстарын онлайн түрінде трансляциялау көзделуде

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюро отырысы болды.

335 0

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюро отырысы болды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бюрода Қазақстан Республикасы Президентінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының судьясын босатуға және сайлауға ұсынуы туралы мәселені талқылау үшін Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне берілді.

Бюрода сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2013 жылға арналған Негізгі шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Одан басқа, палатаның биылғы 12 қыркүйекте болатын отырысының күн тәртібіне ұсыныстар қаралды. Отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын талқылайтын болды.

Бұдан былай Сенат отырыстарын онлайн түрінде трансляциялау көзделуде. Ал келешекте Палата тұрақты комитеттерінің кеңейтілген отырыстарын да көрсету қолға алынады.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!