Әкімдер нақты мәселелерге көңіл бөлмейді

Фотография - Әкімдер нақты мәселелерге көңіл бөлмейді

Бүгінде әкімдер моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында көрсетілген нақты мәселелерге көңіл бөліп жатқан жоқ. Министрлер Кабинетінің бүгінгі мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осы мәселені ерекше атап өтті

254 0

Бүгінде әкімдер моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында көрсетілген нақты мәселелерге көңіл бөліп жатқан жоқ. Министрлер Кабинетінің бүгінгі мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осы мәселені ерекше атап өтті.

Үкімет басшысы атап көрсеткендей, әкім-қаралар, көбінесе, инженерлік әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмысымен айналысып жатады. «Ал, моноқалаларды дамыту бағдарламасының негізгі мәселелеріне көп көңіл бөлмейді. Ол - моноқалалардың экономикасын әртараптандыру және кәсіпкерлікті дамыту. Міне, дәл осы мәселелерді шешудің арқасында жаңа жұмыс орындарын ашуға болады. Осының нәтижесінде бюджетке салық та түседі. Бұл ақшаны біз моноқалаларды дамыту жұмысына жұмсаймыз», - деді С. Ахметов.

Осыған орай ол ҚР Өңірлік даму министрлігі мен облыс әкімдігіне моноқалаларды дамыту бағдарламасына тиісті өзгерістерді енгізуді тапсырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!