Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуына еліміздің толық мүмкіншілігі бар

Фотография - Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуына еліміздің толық мүмкіншілігі бар

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды

216 0

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы басталды.

«Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады», - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.

«Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!