Саясат Нұрбек «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институтының директоры болып тағайындалды

Фотография - Саясат Нұрбек «Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институтының директоры болып тағайындалды

 Саясат Нұрбек «Нұр Отан» ХДП қоғамдық саясат институтының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады

204 0

 Саясат Нұрбек «Нұр Отан» ХДП қоғамдық саясат институтының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Саясат Нұрбек 2001 жылы Маршаллтаун колледжін (Айова штаты, АҚШ) саясаттанушы мамандығы бойынша; 2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық заңгер мамандығы бойынша үздік; 2006 жылы La Sapienza университетін (Рим қаласы) «Геосаясат және халықаралық қауіпсіздік» мамандығы бойынша үздік; «Көкше» академиясын (Көкшетау қаласы, 2010) психология бакалавры дәрежесімен бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян, испан, жапон және латын тілдерін біледі. 2007 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

2002 -2004 жылдары Қазақстандағы Жастар саясатын жүргізуге белсенді қатысты. 2006 - 2009 жылдары - «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ инвестициялар саласында, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінде, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі вице-ректоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кадр саясаты және персоналды басқару жөніндегі атқарушы директоры, департамент директоры қызметтерін атқарған. 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры болып тағайындалды.

«Нұр Отан» ХДП Қоғамдық саясат институтының директоры лауазымына дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті қызметін атқарған. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты (бұрынғы Парламентаризм институты) заң жобаларына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сараптау, сонымен қатар әлеуметтік зерттеулер және т.б. жүргізеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!