Н. Назарбаев индустриаландырудың басым бағыттарының санын қысқарту керек деп санайды

Фотография - Н. Назарбаев индустриаландырудың басым бағыттарының санын қысқарту керек деп санайды

 Осындай ұсынысты Елбасы Дамушы елдердің Еуразиялық форумында «Еуразия XXI ғасырда: жаңғырумен көшбасшылыққа» атты тақырып аясында жария етті.

354 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік индустриалды саясатындағы басым салалардың санын қысқартуға шақырды. Осындай ұсынысты Елбасы Дамушы елдердің Еуразиялық форумында «Еуразия XXI ғасырда: жаңғырумен көшбасшылыққа» атты тақырып аясында жария етті.

«Қолданыстағы индустриалдық саясатты оңтайландыру керек, ең бастысы – өндірістегі қалыс қалып бара жатқан салалардан бас тарту керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Біз индустриалды картаны төртінші жылдан бері іске асырып келеміз, 49 жаңа кәсіпорын аштық, 1,5 млн жаңа жұмыс орны ашылды. Алайда Қазақстанда нені дамыту керек, не салу керек? Осыны ойланып алуымыз керек», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

«Атап айтар болсақ,  басым салалардың санын шектеу керек, жоғары технология саларына бағыт алуға тиіспіз», - деді Н.Назарбаев.

Мысал ретінде ол, таза қуатты дамыту, роботтехникасы, нанотехнология, аэроғарыштық өнеркәсіп, гендік инженерия секілді, бір сөзбен айтқанда 3-ші индустриалды төңкеріске өткен барлық дамыған елдер нысанаға алған салаларды атап өтті.

Сонымен бірге, Елбасы аграрлық саланы дамытуға белсене кірісу керек деп санайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!