Астанада терроризмге қарсы комиссияның құрамы бекітілді

Фотография - Астанада терроризмге қарсы комиссияның құрамы бекітілді

 Бұл туралы Астананың ресми сайтынан хабарланды

250 0

Елордалық лаңкестікке қарсы комиссия лаңкестікке қарсы әрекет ету саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Бүгін қалалық маслихаттың кезектен тыс сессиясында комиссияның құрамы бекітілді.

«Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, қала әкімдігі жанынан Астана қаласының лаңкестікке қарсы комиссиясы құрылды. Комиссияның төрағасы - шаһар басшысы Иманғали Тасмағамбетов. Аталған комиссия құрамына Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері кірді», - деді Астана қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлім жетекшісі Дәулет Досқұлов.

Бұл комиссия орталық-мемлекеттік органдардың және жергілікті басқару органдарының лаңкестіктің алдын алу жөніндегі қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырады. Комиссияның міндеті - лаңкестікке қарсы әрекет ету саласында мемлекеттік саясатты орындау болып табылады.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!