Қазақстанда 1 миллионнан астам тұрғыны бар 2 қала пайда болады

Фотография - Қазақстанда 1 миллионнан астам тұрғыны бар 2 қала пайда болады

Астана мен Алматыдан бөлек 1 миллионнан астам халқы бар тағы екі қала пайда болады, деп мәлім етті Нұрсұлтан Назарбаев.

146 0

Астана мен Алматыдан бөлек 1 миллионнан астам халқы бар тағы екі қала пайда болады, деп мәлім етті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздің алдымызда таяу жылдары халқы көп тағы 2 мегаполис, сондай-ақ бірқатар «ақылды», «жасыл» және қауіпсіз қалалар салу міндеті тұр. Жасампаз инновациялық кластерлер дамытылатын орта дәл осы қалаларда құрылады», - деді Мемлекет басшысы Еуразиялық форумның пленарлық отырысында.

Президенттің пікірінше, аумақтық даму мәселелері Қазақстан үшін үлкен маңызға ие.

«Біздің таңдауымыз – қалалық агломерацияларды дамыту. Ұзақ мерзімді мақсатымыз – Астана және Алматы қалаларын әлемдік деңгейдегі қалалар деңгейіне жеткізу. Қазіргі кезде Алматы халқы 1,5 миллионға, ал Астана халқы 1 миллионға жуықтады», - деді Президент.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!