Қазақстанға 3 жылда 150 мың қытай азаматы кірген

Фотография - Қазақстанға 3 жылда 150 мың қытай азаматы кірген

Үш жыл ішінде Қазақстанға 150 мың Қытай азаматы кірген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов мәлім етті

387 0

Үш жыл ішінде Қазақстанға 150 мың Қытай азаматы кірген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2011 жылы Қазақстанда 48 мың Қытай азаматы тіркелген, олардың 6 мыңы елімізде жүріп, әртүрлі деңгейде заң бұзғандар. 42 қытай азаматы елден қуылды. 2012 жылы 65 мың қытай азаматы кірген. Оларды 3 мыңы заң бұзып, 54-і Қазақстан аумағынан шығарылды. 2013 жылдың басынан бастап елімізде уақытша тіркелген қытайлықтардың саны 38 мыңға жетті. Жыл соңына дейін әлі бақандай 4 ай бар. Қазірдің өзінде заң бұзған келімсектердің саны 1804-ке жетіп отыр, олардың үшеуі қылмыс жасап, 22-сі еліне қайтарылды.

С.Сайыновтың айтуынша, көші-қон полициясында миллионнан астам шетелдік тіркеледі екен. Оның 60 мыңға жуығы Қытай азаматтары. Қазіргі кезде Қытай мен Түркия азаматтарын қоса есептегенде, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдіктер 25 мыңнан асқан.

Сонымен қатар, 2013 жылы келімсектердің кесірінен 62 мың рет заң бұзылса, оның жартысынан астамын Өзбекстаннан келгендер бұзған. Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты тіркеуге тұрған 167,7 мың шетелдік бар. Оның ішінде 28,6 мыңы қиыр шығыстан, 139 мыңы ТМД-дан келгендер және 6,9 мың адамның азаматтығы жоқ.

«Елімізде тұрақты тұратын шетел азаматтарының 54,8 мыңы (26,8%) этникалық қазақтар, 139 мыңы (47%) ТМД елдерінен, 28,6 мыңы (17%) қиыр шығыстан келгендер. Түркиядан – 2227, ГФР – 1818, Израильден – 440, Пәкістаннан – 256, Оңтүстік Кореядан – 310, Ауғанстаннан – 480 адам келген», - дейді Сайынов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!