Кеден Одағы Еуразия полициясын құрмақшы

Фотография - Кеден Одағы Еуразия полициясын құрмақшы

10 қыркүйекте Астанада өткен ТМД ішкі істер министрлері кеңесінің мәжілісінде Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің ішкі істер министрлері Еуразиялық экономикалық кеңістікте ортақ құқық қорғау жүйесін құру мәселесін талқылады

206 0

10 қыркүйекте Астанада өткен ТМД ішкі істер министрлері кеңесінің мәжілісінде Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің ішкі істер министрлері Еуразиялық экономикалық кеңістікте ортақ құқық қорғау жүйесін құру мәселесін талқылады.

Кеңес үстінде Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов: «Осы жолғы кеңесте 2020 жылға дейінгі ТМД ішкі істер министрлерінің ынтымақтастығын дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Біз Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының министрлерімен үш жақты кездесу өткізіп, Кеден Одағы аясында өзара ықпалдастықтың болашағын талқыға салдық. Бірыңғай экономикалық кеңестікте Еуразиялық полиция құрылымын жасақтау мәселесін қарастырдық» деп мәлімдеген - деп хабарлады ҚазАқпарат

ТМД ішкі істер министрлерінің кеңесі - адам саудасы, заңсыз көші-қон, есірткі бизнесі, лаңкестік мен экстремизмге қарсы күрес бойынша іс-әрекеттерін сәйкестендіріп отыратын орган.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!