Қазақтар ресейліктерге халал бизнесті үйретеді

Фотография - Қазақтар ресейліктерге халал бизнесті үйретеді

Ресейдің кәсіпкерлер және ғылыми қауымдастығы халал индустриясы саласында бизнес жүргізудің қыр-сырын Қазақстан тәжірибесіне қарап, үйренетін болды.

172 0

Ресейдің кәсіпкерлер және ғылыми қауымдастығы халал индустриясы саласында бизнес жүргізудің қыр-сырын Қазақстан тәжірибесіне қарап, үйренетін болды.

IslamNеws ақпарат агенттігіне Ресейдің ислами экономика және қаржы орталығының  директоры Азат Құрматтуллин 2013 жылдың қыркүйек айының 26-30 күндері аралығында Қазан қаласындағы ислам университетінде «Ресейдегі және әлемдегі халал нарығына шығу технологиясы» тақырыбы бойынша халықаралық семинар өтетінін жеткізді.

Осы жиында халал саласының білгірі атанған «Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығының төрағасы, дінтанушы профессор Марат Сәрсенбаев баяндама жасайды.

Семинарға Ресей Федерациясының бизнес өкілдері, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен мамандары қатысады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!