Мәжіліс Елбасының берген тапсырмаларын жүзеге асыратын жоспарын бекітті

Фотография - Мәжіліс Елбасының берген тапсырмаларын жүзеге асыратын жоспарын бекітті

деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі

149 0

Бүгін Мәжілісте мемлекет басшысының үшінші сессияға берген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарын Н.Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста бекітті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Қабылданған құжат Мемлекет басшысының бесінші шақырылымдағы парламенттің үшінші сессиясының ашылуында айқындап берген заң шығару қызметінің басым бағыттары бойынша бөлінген.

Болашақтағы міндеттер төмендегідей бөлімдерден тұрады: парламенттік тыңдау, салалық комитеттердің көшпелі отырыстары, үкімет сағаттары. Соған қоса Мәжілістің парламентаралық және халықаралық қызметтері де қамтылған.

Парламент қабырғасында өтетін отырыстардан басқа қоғамдық қозғалыстардың, үкіметтік емес бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өтетін тақырыптық конференциялар мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ аймақтарда өткізілетін шаралар мен қауымдастықтардың араласуымен болатын басқа да істер қарастырылған.

Алдағы кезеңде парламентшілердің Мәжіліс пен Мемлекеттік Думаның, Еуропалық Одақ пен парламенттік ынтымақтастық Комитетінің, Мәжіліс пен Қырғызстан Жогорку Кенеші парламентаралық комиссиясының жұмысына қатысатыны жоспарлануда.

Парламенттік ассамблеялар жүйесінің: ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, НАТО, ЕҚЫҰ, ЕКПА, Парламентаралық Одақ, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Одағы, Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі парламентшілердің Азия форумына, Азия Парламентшілері Ассамблеясының, ТҮРКПА мен «Парламентшілер ядролық қару таратпау мен қарусыздану жолында» парламенттік бірлестігінің түрлі шараларына қатысуы қарастырылған.

Үшінші парламенттік сессияда, «Жаңа әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Парламентшілердің ядролық қаруды таратпау мен қарусыздану жолындағы парламентшілердің ролі» (Санкт-Петербург қ.) тақырыбында конференцялар мен дөңгелек үстелдер өтетін болады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы; бюджеттік шығындарға орай; еңбек қатынастарына; азаматтық қорғау; қылмыстық және әкімшілік заңнама; ЭКСПО-2017; «жасыл экономика; инновациялық технологиялар мәселелері бойынша форумдар белгіленген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!