Мектептегі тамақтануды бизнеске айналдырудың қажеті жоқ

Фотография - Мектептегі тамақтануды бизнеске айналдырудың қажеті жоқ

Алматыда мектеп оқушыларын тамақтандыруда Қазақ тамақтану академиясы белгілеген әр балаға белгіленген 300 теңгелік баға демпингтік әдіс арқылы тендерде 165 теңге дейін азайып кеткен

211 0

Алматыда мектеп оқушыларын тамақтандыруда Қазақ тамақтану академиясы белгілеген әр балаға белгіленген 300 теңгелік баға демпингтік әдіс арқылы тендерде 165 теңге дейін азайып кеткен. Оны қоғамдық ұйымдардың өкілдері бүгін мектеп асханаларында бюджет есебінен оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету мәселелері бойныша баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Егер мектеп асханаларында жарты жыл бұрын Ақмола облысында орналасқан балалар үйіндегідей 99 балаға тауықтың бір аяғынан сорпа жасайтын болса, онда біздің балаларымыздың дені сау болып өспесі анық. Біз мектептердегі ыстық тағам жүйесін сақтауымыз керек және соған қатысты жемқорлықты жоюға тиіспіз. Мектептегі тамақтануды бизнеске айналдырудың қажеті жоқ. Әрбір баланы тамақтандыруға Қазақ тамақтану академиясы белгілеген 300 теңге демпингпен 165 теңге дейін түсіруге ешкімнің құқығы жоқ», - дейді Қазақстан коммунистік халықтық партиясының (ҚКХП) Алматы қалалық комитетінің хатшысы Елнұр Бейсенбаев. Оның айтуынша, мемлекеттік тендерде басқа өлшемдер қалыптастыру қажет. Онда қатысушылардың тамақтандыру комбинатының бар-жоқтығы мен бұл саладағы тәжірибесі басты назарда ұсталуы тиіс. Жеке кәсіпкерлердің сөзіне қарағанда, Алматыда мектеп асханаларында оқушыларды тамақтандыруда тендерге 2 күн бұрын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрып, үшінші күні ұтып кеткендер болған. Сондықтан партияның еліміздің басты заң шығару органындағы өкілі, ҚКХП-ның Алматы қаласындағы бірінші хатшысы Галина Баймаханова мектеп асханасы мәселесі бойныша депутаттық сауал мен қызметтік хат дайындап жатқан көрінеді.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!