Қашағанда алғашқы мұнай өндірілді

Фотография - Қашағанда алғашқы мұнай өндірілді

Каспийдің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі Қашаған кен орнында North Caspian Operating Company B.V. консорциумы алғашқы мұнайды өндірді

160 0


Каспийдің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі Қашаған кен орнында North Caspian Operating Company B.V. консорциумы алғашқы мұнайды өндірді .

«ҚазМұнайГаз» компаниясы президенті Сауат Мыңбаевтың айтуынша, мұнай бір айдың ішінде толық қарқынмен өндіріле бастайды.

Мұнай қоры 35 миллиард баррельге жуық деп бағаланған Қашаған кен орнын барлаған мұнай компаниялары 13 жылда 48 миллиард доллар жұмсаған. Қашағаннан мұнай өндіруді бастау ісі бұдан бұрын бірнеше рет кейінге қалдырылған еді - деп хабарлады azattyq.org

Қашаған жобасында италиялық Agip, америкалық ExxonMobil, ағылшын-голландиялық Shell, франциялық Total (әрқайсысында 16,81 пайыздан), жапониялық U.S. Inpex North Caspian Sea (7,56 пайыз) компанияларының да үлесі бар. Жуықта Қытайдың China National Petroleum Corporations (CNPC) компаниясы Қашағандағы ConocoPhillips-тің 8,4 пайыз акциясын алды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!