Қазақстан Сирияға қатысты Ресей ұсынысын қолдайды

Фотография - Қазақстан Сирияға қатысты Ресей ұсынысын қолдайды

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресейдің Сирияға қатысты ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді

281 0

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресейдің Сирияға қатысты ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді. 

Ресми сайттағы мәлімдемеде "Қазақстан Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға беру және Сирияның Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинауға және қолдануға тыйым салу конвенциясына қосылуы туралы ұсынысты қолдайды" деп жазылған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Бұл қадам Сириядағы ұзаққа созылған, әрі қантөгіске соқтырған қақтығысты диалог аясында шешуге алғышарт бола алады" деп есептейді. 

Бұдан бөлек, мәлімдемеде "Қазақстан Сирия билігін ұсынысты іске асыру үшін халықаралық әріптестермен бірігіп, тез арада жан-жақты шараларды іске асыруға шақырған". Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан қазіргі дағдарысты жағдайда халықаралық қауымдастықтың ұстамдылығын қолдайды, бұл жағдайға тек қана БҰҰ эксперттерінің қорытындысынан кейін ғана баға берілуі тиіс" дейді - деп хабарлады azattyq.org

Мәлімдемеде "Қазақстанның Сириядағы жағдайды диалог және бітімгершілік арқылы шешуді қолдайтыны" жазылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!