Мемлекеттік хатшы Кеннет Фэйрфаксті қабылдады

Фотография - Мемлекеттік хатшы Кеннет Фэйрфаксті қабылдады

 Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксті қабылдады

120 0

 Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксті қабылдады.

Мемлекеттік хатшы АҚШ Елшісін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының табысты аяқталуымен және Халықаралық энергетика агенттігі атқарушы директорының орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында көп жоспарлы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін және екі мемлекет көшбасшылары деңгейінде достық қарым-қатынастар мен байланыстардың бар екенін атап өтті - деп хабарлады  baq.kz

Кездесу қорытындысында К.Фэйрфакс саяси және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету, Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарын одан әрі институционалдандыру жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелеріне қанағаттанушылық білдірді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!