Сенаторлар Байқоңырдан гептилмен зымыран ұшыруға тыйым салу мәселесін көтерді

Фотография - Сенаторлар Байқоңырдан гептилмен зымыран ұшыруға тыйым салу мәселесін көтерді

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мұрат Бақтиярұлы Үкімет басшысының атына сауал жолдады

175 0

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мұрат Бақтиярұлы Үкімет басшысының атына сауал жолдады.

Онда сенатор Байқоңыр ғарыш айлағынан гептилмен зымыран ұшыруға тыйым салу мәселесін тағы бір мәрте көтерді.

Тоқтала кететін жайт, ағымдағы жылғы шілденің 2-сінде Байқоңыр қаласында Ресейдің «Протон-М» зымыран тасығышы апатқа ұшырап, оған байланысты Үкіметтік комиссия құрылып арнайы жұмыстарды атқарып жатқан болатын. Дегенмен, бір топ депутаттар осы өңірде болып, халықпен кездесулері барысында көтерілген проблемаларды Үкіметтің қаперіне жеткізуді жөн санапты.

«Атап айтқанда, Байқоңыр айлағынан адам өмірі мен қоршаған ортаға зор нұқсан келтіретін, тек әскери мақсатта ғана қолданылатын аса улы гептил отынымен ұшатын зымырандардың барлық түрлеріне тыйым салатын, халықаралық нормаларға сай келетін Қазақстан мен Ресейдің бірлескен шешімдері қабылдануы керек. Халықаралық нормаларға сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру келісімшартына жергілікті тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін енгізу қамтамасыз етілуі қажет. Байқоңырда Ресейдің ғана емес, Қазақстанның экологиялық кодексі қолданылуы шарт. Бұдан бөлек, Қарағанды мен Қызылорда қалаларында мамандандырылған арнайы зерттеу орталықтарын құрып, апат орын ала қалған жағдайда оны зерттеп-талдауға Қазақстан-Ресей мамандарымен қатар, халықаралық сарапшыларды да қатыстыруымыз керек», - деді М. Бақтиярұлы.

Бұдан бөлек, сенатор Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданы тұрғындарының экологиялық үстемақысын 50 пайызға дейін көтеру жайын да алға тартты. Оның айтуынша, бұл мәселе Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң аясында шешілуі қажет.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!