Е.Ыдырысов пен С.Лавров бірқатар құжаттарға қол қойды

Фотография - Е.Ыдырысов пен С.Лавров бірқатар құжаттарға қол қойды

Бүгін Астана қаласында ҚР мен РФ Сыртқы істер министрлері Е.Ыдырысов пен С.Лавровтың кездесуі өтті. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары екі ел арасындағы бірқатар салаларда атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде келіссөздер жүргізіп, әзірленген құжаттарға қол қойды

158 0

Бүгін Астана қаласында ҚР мен РФ Сыртқы істер министрлері Е.Ыдырысов пен С.Лавровтың кездесуі өтті. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары екі ел арасындағы бірқатар салаларда атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде келіссөздер жүргізіп, әзірленген құжаттарға қол қойды.

«Санкт-Петерборда өткен «Үлкен жиырмалық» G20 жиынында Қазақстанға көрсеткен қонақжайлылықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз», - деп бастады сөзін Ерлан Ыдырысов.

«Екі ел министрліктері өкілдерінің қатысуымен жеке форматта өткен келіссөздер барысында Ресей мен Қазақстан арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы Шарттың дайындығы, атом энергетикасы, уран өндіру, кедендік бақылау, Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізі, өңірлік ынтымақтастық, шекара мәселелері кеңінен талқыланды», - дейді мекеме басшысы.

Е.Ыдырысовтың айтуынша, қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстан арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы Шарттың мәтіні 95 пайызға дайын, алдағы бір апта ішінде құжат толығымен жетілдіріледі.

Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айында екі ел арасында 40-тан астам жобаны іске асыру жайлы келіссөздер жүргізілген. Соның ішінде қазіргі уақытта 11 жоба қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді, дейді Е.Ыдырысов.

Келіссөздер аяқталған соң екі ел министрлері 1992 жылғы 25 мамырдағы ҚР мен РФ арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойып, ратификациялық грамоталармен алмасты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!