Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары уран байыту орталығын құру мәселесін талқылады

Фотография - Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары уран байыту орталығын құру мәселесін талқылады

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары Е.Ыдырысов пен С.Лавров бірқатар мәселелерді, оның ішінде уран байыту бойынша бірыңғай орталық құру мәселесін талқылады

236 0

Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары Е.Ыдырысов пен С.Лавров бірқатар мәселелерді, оның ішінде уран байыту бойынша бірыңғай орталық құру мәселесін талқылады.

«Атом энергетикасы бойынша ынтымақтастықтың үлкен шоғыры бар. Біздің Ұлба металлургия зауытындағы қуаттылықты ескере отырып, барлық отын циклі бойынша бірлесе жұмыс істеуге деген талпыныс бар. Сондай-ақ, уран байыту бойынша ортақ орталық құру жөнінде келісім бар. Бұл келісімдер толық жүзеге асырылады деп үміттенеміз», – деді Е.Ыдырысов.

Соынмен қатар, министрлер мұнай-газ саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады - деп хабарлады  bnews.kz

«Жаңа бір қозғалысты бастайтын келісімдер 2014 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырыла бастайды деп жоспарлап отырмыз», – деді Е.Ыдырысов.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненттік жобасына назар аударғым келеді. Батыс – Шығыс және Солтүстік – Оңтүстік векторы бойынша инфрақұрылымды дамыту біздің ұзақ мерзімді мүдделерімізге сай келетіндіктен, біз ресейлік бауырларымыздың қолдауына сенім артып отырмыз», – деді ол. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!