Қазақстанда 17 млн. тонна мал азығы дайындалды

Фотография - Қазақстанда 17 млн. тонна мал азығы дайындалды

Қазақстанда 17 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл туралы бүгін мал азығын өндіру мәселесіне арналған кеңейтілген алқа отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

273 0

Қазақстанда 17 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл туралы бүгін мал азығын өндіру мәселесіне арналған кеңейтілген алқа отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

«Жем-шөп дайындау жоғары қарқынмен жүргізілуде. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 17 миллион тонна жем-шөп дайындалды, бұл жоспардың 111 пайызын құрайды», - деді ол.

Ағымдағы жылы министрлік пен жергілікті атқарушы органдар мал азығы қорын дамытуға бағытталған шараларды қабылдау мақсатында егістік алқаптарды әртараптандыру, біржылдық және көпжылдық азық дақылдарының егістік көлемін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізген.

Жалпы, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 жылы азықтық дақылдар 3,1 млн. гектар алқапқа отырғызылып, 2012 жылдың деңгейінен 258,4 мың гектарға немесе 9%-ға артқан. Бұл ретте сүрлемдік азықтар 82,2 мың гектарға, біржылдық өсімдіктер 571 мың гектарға және көп жылдық өсімдіктер былтырғы жылғы егістерді ескере отырып 2,4 млн. гектарға себілген.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!