Алдағы уақытта қой шаруашылығын дамыту қолға алынады

Фотография - Алдағы уақытта қой шаруашылығын дамыту қолға алынады

 Бұл жөнінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен мал азығын өндіру мәселесіне қатысты кеңейтілген алқа отырысында ҚР АШМ министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

167 0

Алдағы уақытта қой шаруашылығын дамыту қолға алынады. Бұл жөнінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен мал азығын өндіру мәселесіне қатысты кеңейтілген алқа отырысында ҚР АШМ министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.

«Жемшөп дақылдарына деген сұраныс ұлғаюда. Қазіргі уақытта, бұл көрсеткіш орта есеппен алғанда 5-6 есе артып отыр», - деді министр.

Ол, осы орайда тұқым өсіру шаруашылығын дамытуға деген сұраныс туып отырғанын баса айтты.

«Жемшөп дақылдарына деген сұраныстың артуы елімізде тұқым өсіру шаруашылығын дамыту қажеттілігін туындатып отыр. Біз шет елден тұқым сатып алудан арылу керекпіз. Осы мәселеге қатысты әкімдіктер, жергілікті органдар істі қолдарына алып, осы бағытта субсидия бөлуге басымдық беруі тиіс», - деді ведомство басшысы.

Министр алдағы уақытта елімізде қой шаруашылығын дамыту қолға алынатынын мәлім етті.

«Тағы бір айтып өтетін мәселе, алдағы жылы қой шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылданбақ. Сол уақытта жемшөп дақылдарына деген сұраныс күрт өседі. Біз осыған дайын болу керекпіз», - деді А.Мамытбеков.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!