«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшу қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарына сәйкестігін растады

Фотография - «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшу қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарына сәйкестігін растады

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16-20 мамыр күндері ICF SH&E халықаралық аудиторлық компаниясымен өткізілген аудит барысында құжаттаманың және IOSA-ның 1000 жуық стандарттарының орындалуы тексерілді

313 0

«Эйр Астана» әуе компаниясы IOSA (IATA Operational Safety Audit) Әуе көлігі халықаралық ұйымының пайдаланылу қауіпсіздігі бойынша кезекті төртінші аудитін сәтті өткізіп, ұшу қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарына сәйкестігін растады. «Эйр Астана» IOSA-ның барлық аудиттерін 2007 жылдан бастап сәтті өткен Қазақстандағы жалғыз әуетасымалдаушы болып табылады.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16-20 мамыр күндері ICF SH&E халықаралық аудиторлық компаниясымен өткізілген аудит барысында құжаттаманың және IOSA-ның 1000 жуық стандарттарының орындалуы тексерілді. Бұл стандарттар ұйымдық құрылымды және компанияны басқаруды, ұшуды ұйымдастыруды, ұшуды басқаруды және диспетчерлік қызметті, ұшақтарға инженерлік-техникалық қызмет көрсетуді, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ұшақтарға жерде қызмет көрсетуді, жүк тасымалдау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қамтыған. Аудит нәтижелері әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі IOSA халықаралық талаптарына толық сәйкестігін көрсетті.

  «Ұшу қауіпсіздігі және қызметтер сапасының деңгейін үнемі арттыру (IOSA) біздің командамыздың әрбір мүшесі үшін басымдық және IOSA-ны сәтті өткізу осыны тағы да айғақтады. Қауіпсіздік біз үшін негізгі құндылық болып табылады және біз халықаралық стандарттарды сақтау және сапа мен тәуекелдерді басқару арқылы өндірістік қызметіміздің одан әрі жетілуіне ұмтыламыз», - дейді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!