Жыл соңына дейін мемқызметтің 77%-ы толық автоматтандырылады

Фотография - Жыл соңына дейін мемқызметтің 77%-ы толық автоматтандырылады

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттігінде өткен жиында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі С.Сәрсенов мәлім етті.

162 0

 Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 77%-ы толық автоматтандырылатын болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызметі істері агенттігінде өткен жиында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі С.Сәрсенов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта автоматтандырылуы тиіс 442 мемлекеттік қызмет түрі бар, олардың 220-сы, яғни шамамен 50 пайызы, автоматтандырылған. Ал жыл соңына дейін 77%-ын толық автоматтандыруды көздеп отырмыз», - деді ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі С.Сәрсенов.

Сондай-ақ вице-министр электр энергиясының жиі сөнуі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен ХКҚО жұмысына кері әсерін тигізетінін атап өтті.

«Менің ұялы телефонымда ХҚКО-да электр энергиясы өшіп қалғанда хабарлама жіберетін арнайы жүйе бар. Күніне маған 20-ға жуық сондай хабарлама келеді. Ал кейбір ХҚКО-да сағаттап электр энергиясы болмай жатады. Бұл, әрине, жұмысқа кері әсерін тигізбей қоймайды», - деді вице-министр.

Осыған байланысты С. Сәрсенов жергілікті мемлекеттік органдардың, әсіресе мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардағы электр энергиясына үлкен көңіл бөлу қажеттігін алға тартты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!