Бостондық теракт бойынша қазақстандық студенттерге жаңа айып тғылды

Фотография - Бостондық теракт бойынша қазақстандық студенттерге жаңа айып тғылды

Қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа, сонымен қоса американдық Робел Филиппосқа теракт ісін тергеу бойынша Бостон соты жаңа айып тағып отыр.

162 0

Қазақстандық студенттер Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевқа, сонымен қоса американдық Робел Филиппосқа теракт ісін тергеу бойынша Бостон соты жаңа айып тағып отыр.

Істегі үшінші фигурант – американдық Робел Филиппос пен қазақстандық студенттерге қатысты қос іс біріктіріліп, оларға теракт жасауға қатысты айыпталған Джохар Царнаевтың бөлмесіндегі айғақтарды келісе отырып жойды деген айып тағылды.

«Жаңа айыпың жазасы үлкен емес, алайда мұны апйыпталушыларды қысу мен қорғаушылардың ісін қиындату деп бағалауға болады», - дейді Тәжаяқовтың адвокаты Аркадий Бух.

ФБР-дің мәліметі бойынша, Дортмундтық университеттің бұрынғы студенттері айғақтарды – Джохар Царнаевтың бөлмесінен компьютер мен отшашуы бар рюкзакты алып кетпек болған, ал Филиппос өтірік куәлік беріп, істің жүруіне бөгет болған. Филлипос Царнаевтың бөлмесінде болып, ол жақтан заттар алғандығын мойындамас бұрын, үш түрлі куәлік берген.

Енді АҚШ-қа оқуға келген Қазақстанның 19 жасар азаматтарына 25 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр. Филлипостың айыбы бойынша шекті мерзім 16 жылды құрайды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!