ҚР Үкімет басшысы Францияға сапарлайды

Фотография - ҚР Үкімет басшысы Францияға сапарлайды

19 қыркүйекте Үкімет басшысы Серік Ахметов Францияға сапарлайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті

129 0

19 қыркүйекте Үкімет басшысы Серік Ахметов Францияға сапарлайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес

мырза тамыз айының басында елімізде жұмыс сапармен болған еді. Осы сапар барысында ол Үкімет басшысы С. Ахметовті Парижге жұмыс сапарымен шақырған болатын. Бұл ретте 19-20 қыркүйекте Премьер-Министр жұмыс сапарымен Парижде болады. Лоссерталес мырзамен кездесу барысында халықаралық көрмені қабылдаушы әрі ұйымдастырушы мемлекет ретінде, яғни Қазақстанның халықаралық көрме бюросының хатшылығына үстіміздегі жылдың соңына дейін табыс етілетін тіркеу досьеміздің негізі талқыланады», - деді ресми өкіл.

Бұдан бөлек Үкімет басшысы Парижде экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриамен, сондай-ақ Франция Үкімет басшысы Жан-Марко Эромен кездеспек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!