Елбасы Д. Досжанның қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Елбасы Д. Досжанның қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжанның қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

187 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжанның қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта Д.Досжанның табиғи дарынымен жастай көрініп, әдебиет майданында тынбастан, өнімді еңбек етіп келгені атап өтілген.

«Оның қаламынан туындаған әңгімелер мен хикаяттар, романдар оқырмандарын тілінің шұрайлылығымен, ұлттық бояуының қанықтығымен баурайтын», - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы жазушының еңбегі әр жылдары әдебиет саласындағы жоғары мәртебелі сыйлықтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталғанына да тоқталған.

Нұрсұлтан Назарбаев қаламгердің үздік шығармалары әрдайым халқымызбен бірге жасай беретінін атап өткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!