Алматыда жанып кеткен базарлар заңсыз жұмыс істеген

Фотография - Алматыда жанып кеткен базарлар заңсыз жұмыс істеген

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалалық ведомство басшыларымен бірге 13-ші қыркүйек күні болған киім кешек базарындағы өртке байланысты жиналыс өткізді, деп хабарлайды Today.kz қала әкімінің беспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

157 0

Жиналыс кезінде әкімге өртеніп кеткен базарлар заңсыз жұмыс істегендерді баяндалды. Оларды жабу туралы сот шешімі былтырғы жылы шығып қойған болатын, соның ішінде бұл шешімдер өрт қауіпсіздігі нормаларына сай болмағаны үшін де шыққан.

Есімов Алматы базарларын жетілдіру бағдарламасын тездетуді және сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды. Бұл бағдарламаға сәйкес олардың орнына заманауи сауда орталықтары  салыну керек.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары өрт фактісі мен жанып кеткен базар әкімшілігіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы барахолкасындағы өрт жұма күні күндіз басталып, сенбі күні таңғысын өшірілді. Өртенген аумақ 5,4 мың квадратты құрайды. «Олжа, «Аян» және «Керемет» базарынан барлығы 309 дүңгіршек өртеніп кетті.

Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!