Қазақстандық кәсіпкерлердің жағдайы Кеден одағы елдерімен салыстырғанда тең емес

Фотография - Қазақстандық кәсіпкерлердің жағдайы Кеден одағы елдерімен салыстырғанда тең емес

Көпшілік жағдайда қазақстандық кәсіпкерлердің жағдайы Кеден одағы елдері нарығының субъектілерімен салыстырғанда тең емес

265 0

Көпшілік жағдайда қазақстандық кәсіпкерлердің жағдайы Кеден одағы елдері нарығының субъектілерімен салыстырғанда тең емес.

Депутаттың айтуныша, бұған бірқатар себептер бар. «Біріншіден, бәсекелестікті шектейтін және бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілердің болуы. Бұларға - тауарларды Ресей аумағында транзиттеу мерзімінің ұзақтығы, шикізатты Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігінің тізілімінде тіркеуге орай ветеринариялық-санитариялық нормаларды қолдану тұрғысынан сертификаттау да жатады. Бұған қоса, қазақстандық өндірушілер Кеден одағының техникалық регламенттерін бекіткен кезде Ресей регламенттері негізге алынатынын айтып, наразылық білдіруде», - дейді депутат - деп хабарлады ҚазАқпарат

С. Әйімбетовтың айтуынша, қазақстандық кондитерлерді кемсітуге ұшырататын проблемалар да баршылық. Онда тауар таңбаларын тіркеуге қойылатын талаптардың алшақтығы, ретроспективалы «кеңестік» тауар таңбаларын қолдану, импорттаушылардың маркалау тіліне қойылатын бірыңғай талаптарды сақтамауы және тағы басқалар бар. «Мәселен, қабылданған бірыңғай техникалық регламентке сәйкес қазақстандық кондитерлердің өнімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде маркалануға тиіс. Отандық өндірушілер осы талапты орындап жүр. Бірақ, негізінен, ресейлік кәмпиттер қазақ тілінде маркаланбайды. Өкінішке орай, осының бәрі отандық кәсіпкерлердің құқықтарын қысымға ұшыратады, соның салдарынан Кеден одағының негізге алынған қағидаттары мен мақсаттары бұрмаланып, дұрыс түсінбеушілікке әкеп соғады», - дейді Сейітсұлтан Әйімбетов.

Осыған байланысты, депутат Кеден одағы елдерінің нарықтарына қол жеткізу барысында қазақстандық бизнестің алдында тұрған әкімшілік кедергілерді жою және адал бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. «Бәсекелестікті қорғау агенттігі мүдделі органдармен бірлесіп, техникалық регламент тәсілдері мен оған қойылатын талаптарды одан әрі жетілдіру және қайта қарау мәселелерін қарастыруы қажет», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!