Қазақстан мен Қытай топтық туризм жайын талқылап жатыр

Фотография - Қазақстан мен Қытай топтық туризм жайын талқылап жатыр

Қазақстан Қытаймен арада топтық туристер визасына қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр

312 0

Қазақстан Қытаймен арада топтық туристер визасына қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Министр екі елдің «кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастығы жемісін беріп, жоғары деңгейлі екіжақты саяси байланыстар қарқындылығымен сипатталатынын» атап өткен.

– Қытайдың экономикалық дамуы арқасында бүгінгі таңда ҚХР шетелге туристік сапармен шығу бойынша әлемде алдыңғы қатардан орын алып отыр. Дәл осыған байланысты, сондай-ақ, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткелі отырғандықтан біздің мемлекеттеріміз арасындағы әріптестік жаңа сапалы деңгейге көтерілді, онда екі ел өзара топтық туристер визасы туралы келісім жобасын қарастырып жатыр, - деген Ыдырысов.

12 тамызда Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай Қазақстан мен Қытай арасында туристік мақсатпен визасыз барып-келуге мүмкіндік беретін келісім әзірленіп жатқаны жөнінде хабарсыз екенін мәлімдеген болатын - деп хабарлады  azattyq.org

Өткен айдың басында бірқатар ақпарат құралдары Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мұхит Саймасаевқа сілтеме жасап, «Қазақстан мен Қытай үкіметі арасында визасыз топтық туристік сапар жасауға рұқсат беру туралы келісім жасасып жатқаны» туралы хабар таратқан еді. Онда аталған келісімнің мақсаты – «екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын арттыру және Қазақстанға келетін туристер санын көбейту» екені айтылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!