Қазақстан – Қытай байланыстарына 20 жыл

Фотография - Қазақстан – Қытай байланыстарына 20 жыл

Бүгін Бейжіңде Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылғанына 20 жыл толды.

241 0

Бүгін Бейжіңде Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми ашылғанына 20 жыл толды.

Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. Алматыда 1992 жылы ақпанда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі 1993 жылы 17 қыркүйекте ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Пекинде, ҚХР төрағасы Цзянь Цзэмин Алматыда ресми сапармен бірнеше рет болды. 1994 жылы 26 сәуірде екі ел үкіметі шекара мәселесін түпкілікті шешу жөнінде келісімге келіп, шекара анықталды. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызия, Тәжікстан басшылары шекара мәселелері бойынша Шанхай келісіміне қол қойды. 1998 жылы 3 шілдеде Шанхай келісіміне қатысушы – 5 ел басшылары Алматыда бас қосты. Сауда байланыстары тез өсіп келеді. Соңғы жылдары Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға шығу (яғни Ұлы Жібек жолын қайта дамыту) перспективалары қаралуда.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!