Гонконгте «ЭКСПО-2017» жобаларына осы ел компанияларының қатысуы қарастырылды

Фотография - Гонконгте «ЭКСПО-2017» жобаларына осы ел компанияларының қатысуы қарастырылды

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

305 0

2013 жылғы 16-19 қыркүйек аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Гонконг және Макао Арнайы әкімшілік аймақтарына (АӘА) сапары өтуде. Делегация құрамында ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитеті, ҚР СІМ және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері бар.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар барысында 16 қыркүйек күні Гонконгтың экономикалық даму және сауда бойынша хатшысы Грегори Сомен келіссөздер өтті. Р.Жошыбаев қабылдаушы тарапты Қазақстанның халықаралық бастамаларымен таныстырды. Тараптар Қазақстан-Гонконг ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі бойынша пікір алмасты. Басым бағыттардың ішінде инвестициялық қарым-қатынас атап өтілді.

Сонымен қатар, Гонконг АӘА-на сапар аясында іскер топтардың қатысуымен Гонконгтың сауданы дамыту бойынша Кеңесінің дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Тараптар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру бойынша жобаларын жүзеге асыруға Гонконг компанияларының қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Сондай-ақ, 17-18 қыркүйекте Қазақстан делегациясы Макао АӘА-да туризм бойынша «Макао-2013» әлемдік экономикалық форумына қатысады деп күтілуде. Аталмыш шара барысында Макао АӘА-ның Басшысы Чуй Сай Онмен келіссөздер өткізіп, туризм саласы бойынша өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылау жоспарлануда. Форум қорытындысы бойынша ЭКСПО-2017 көрмесіне инвестиция жұмылдыру мақсатында Макао АӘА-ның ірі компания басшыларымен бірқатар кездесулер өтетін болады.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!