ҚР Мұнай және газ министрі елімізді мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етудің мерзімін айтты

Фотография - ҚР Мұнай және газ министрі елімізді мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етудің мерзімін айтты

Қазақстанды жанар-жағармаймен толық қамтамасыз ету 2020 жылға қарай болмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап өтті

424 0

Қазақстанды жанар-жағармаймен толық қамтамасыз ету 2020 жылға қарай болмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап өтті.

«Елімізді мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету 2020 жылға қарай болады деп отырмыз. Себебі Қазақстанның қазіргі мұнай өңдеу зауыттарын жаңадан қайта құру жұмыстары жүруде, яғни 2016-2017 жылдарға қарай барлық жобалар іске қосылады. Содан кейін біздің мұнайдың сапасын ескере отырып, «Еуро-4», «Еуро-5» стандарттарына жеткізіп, жақсы өнім алуға болады деп есептейміз», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, мұнайдың биылғы жылға жоспарланып отырған мөлшері 82 млн. тоннаны құрайды. Ішкі нарықта бір жылдың ішінде мұнай өңдеу зауыттарының қарқыны 14 млн. тоннаның шамасында, ал қалғаны экспортқа бағытталады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!