Қазақстан 2030 жылдарға қарай 110 млн. тонна мұнай өндіреді

Фотография - Қазақстан 2030 жылдарға қарай 110 млн. тонна мұнай өндіреді

Пессимистік болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 110 млн. тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап өтті

205 0

Пессимистік болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 110 млн. тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап өтті.

Осы орайда министр оптимистік болжамды құру - ол ең алдымен Қашаған мен басқа да кен орындарын бұдан ары қарай дамыту жобаларын болашақта бекіту үрдісіне байланысты екенін сөз етті. Сонымен қатар аталған мерзімде жаңа кен орындары іске қосылуы мүмкін.

Алайда Ұ. Қарабалин келешекте жылына 150-180 млн. тонна мұнай өндіру жоспары өз күшінде тұрғанын жеткізді. Министрлік қазіргі кезде табиғи ресурстарды тиімді басқару тұжырымдамасына негізделіп жұмыс істеуде.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы мұнай өндірудің үлесінде кен орнын дамытудың алдын ала жоспары бойынша Қашағанның үлесі тәулігіне 1,5 млн. баррельді құрамақ.

«Егер де кен орнын дамытудың алдын ала болжамдары мен жоспары бекітілсе, бұл Қашағанда қол жеткізілетін ең жоғары мұнай өндіру деңгейі болмақ. Қазіргі кезде Қашағанда мұнай өндіріліп жатыр», - деп түйді министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!