Үкімет құрылыстың нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасын мақұлдады.

Фотография - Үкімет құрылыстың нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасын мақұлдады.

Бүгін Үкімет құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдаманың жобасын мақұлдады.

206 0

Бүгін Үкімет құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдаманың жобасын мақұлдады.

«Тұжырымдаманың мақсаты Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйесіне одан әрі ықпалдастығын қамтамасыз ететін техникалық реттеудің озық жүйесін құру болып табылады», - деді тұжырымдама жобасын таныстырған ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин.

Оның айтуынша, тұжырымдаманы жүзеге асырудың дайындық кезеңі 2013-2014 жылдарға көзделген, техникалық реттеудің жаңа жүйесіне көшу 2015 жылдан бастап іске асырылады және техникалық реттеудің ескі және жаңа жүйелерінің қатар пайдаланылуы 2020 жылға дейін жалғасады.

«2021-2020 жылдарға есептелген үшінші кезеңде жаңа нормативтік базаны қолдану және түзету қарастырылған», - деп тоқталды вице-министр.

Сондай-ақ, ол құрылыста инновацияларды кеңінен қолдану үшін жағдай жасау, техникалық кедергілерді жою, халықаралық талаптар мен жобалау әдістеріне көшу қажеттігін атап өтті.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!