Қазақ руларының 30 пайызы әйелдер атымен аталған

Фотография - Қазақ руларының 30 пайызы әйелдер атымен аталған

Кеше Павлодарда ұйымдастырылған «Дін және әйел» атты республикалық форумда гендерлік теңдік және хиджаб туралы пікірталастар өтті

291 0


Кеше Павлодарда ұйымдастырылған «Дін және әйел» атты республикалық форумда гендерлік теңдік және хиджаб туралы пікірталастар өтті.

Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы, Президент кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова сөз сөйлеп, Қазақстанда әйелдердің сапалы білім алуына және жұмысқа тұруына барлық жағдайлар жасалған дейді.

«Сонымен бірге, біз халқымыздың дәстүрлеріне қайшы келетін жаңа үрдістерді енгізуге тырысып жатқандарға ел болып, әлем болып қарсы тұруымыз керек», - деді Г.Әбдіқалықова.

Бүгінгі таңда қыздарымыз қоғамның тең мүшесі ретінде өздеріне ұнаған жұмысқа кіруі, спортпен, ғылыммен және өнермен айналысуы үшін мүмкіндік берілуі керек.

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын да бұл мәселенің өте өзекті екенін айтып, кез келген діннің қарапайым болуға, жақсылық жасауға, туыстық қатынастарды нығайтуға, көршілерін сыйлауға, бақытты да өнегелі отбасы құруға үндейтінін тілге етті.

«Қазақстанда гендерлік ұстаным бойынша алалауға немесе кемсітушілікке жол берілмейді. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің 60 пайызы, сот жүйесінде – 61%-ы, Парламент депутаттарының – 34%-ы, кәсіпкерлердің – 40%-ы әйелдер қауымынан тұрады.


Қазақ әйелдеріне хиджаб тағу төңірегіндегі дауларға қатысты Е.Арынның айтқан жауабы мынадай болды: «Бұл киімнің қазақ қоғамына төндірер ешбір қаупі жоқ, мұнда тек діни тұрғыдан алғанда қауіпті болуы мүмкін. Яғни, мәдениетімізге және идеологиямызға таңсық дүниелер санамызды улайды».

Оның айтуынша, бөтен мәдениеттің қоғамымызға кіріп, тамыр жайып жатса, өзімізге ғана тән дүниелерден мақрұм қалуымыз әбден мүмкін.

«Тарихымызға үңілсек, қазақ қыздары ешуақытта жүздерін жауып жүрмеген. Сопылыққа беріліп, күйеуінің рұқсатынсыз бөтен отбасылардың мүшелерімен сөйлесуіне тыйым салынбаған», - дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазақ руларының 30 пайызы әйелдер атымен аталған және еліміздегі елді мекендердің 20 пайызға жуығына әйелдер қауымының есімі берілген.

«Мұның бәрі қазақ елінің тарихында және ұғымында әйелдер қауымының орны қаншалықты жоғары екендігіне меңзейді. Діни қағидаларымыз әйелдерге қойылатын шектеулерден қорғауы тиіс», - деді Е.Арын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!